Сейсмолог ғалымдардың айтуынша, жер сілкінісінің нақты уақыты мен орнын болжау мүмкін емес, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, осы хабарлама арқылы ТЖМ азаматтарды осы ақпаратқа негізделіп, үрейленбеуді сұрайды.
ТЖМ сейсмологиялық мониторинг орталығы жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша, жер қабатында аномальды жер сілкінісін тудыратын өзгерістер жоқ екені хабарланды.