Ережеге орай,
арнайы педагогтарға нақты біліктілік талаптары енгізілді.
Атап айтқанда, олар коррекциялық педагогика және дефектология бағытында жоғары
білімге ие болуы және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес арнайы әдістемелерді
(ым-ишара тілі, Брайль әліпбиі, сөйлеу кемшіліктерін түзету тәсілдері) білуі
тиіс.
Құжатта сабақ
сағаттарын бөлудің басым тәртібі де белгіленген.
Оған сәйкес, оқу жүктемесі ең алдымен жоғары біліктілік санаты бар, ұлттық
немесе халықаралық сертификаттары бар педагогтарға беріледі.
Сондай-ақ, бір
педагогқа жүктеме әдетте 0,5 ставкадан кем және 1 ставкадан артық болмауы тиіс,
кей жағдайларда 1,5 ставкаға дейін рұқсат етіледі.
Ережеде
тарификация тізімдерін қалыптастыру, қарау және бекітудің нақты мерзімдері
көрсетілген.
Атап айтқанда, сабақ сағаттары 17 қыркүйекке дейін электрондық жүйеге енгізіледі,
ал 25 қыркүйекке дейін өкілетті орган тарапынан бекітіледі.