Америкада Абдулла Орипов туралы көркем фильм түсіріліп жатыр

    Мәдениет 23 Noyabr 2022 2739

    Кинематография агенттігінің тапсырысы бойынша Деректі-хроникалық фильмдер киностудиясы Өзбекстан Қаһарманы, Өзбекстанның халық ақыны, мемлекеттік гимннің авторы Абдулла Орипов туралы көркем фильм түсірілуде.

    Шығармашылық топ Өзбекстанда түсірілім жұмыстарын аяқтап, АҚШ-та түсірілімді жалғастыруда.

    Фильмнің режиссері Музаффархан Эркинов Голливудта фильмнің қай эпизодтары түсіріліп жатқаны туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтті:

    – Абдулла Орипов өмірінің соңғы айлары АҚШ-та өткен. Ол Техас штатының Хьюстон қаласында тұрған. Сол себепті, ақынның қызы Мавлуда Орипованың үйінде, сондай-ақ ақын серуендегенді өте қатты ұнататын Тынық мұхитының жағасында эпизоттарды түсіріп жатырмыз. Біз бұл эпизодтарды Голливудта түсірудеміз. Фильмде ақынның немересі де өз образын сомдаған, – дейді Музаффархан Эркинов.

    Түсірілім істері АҚШ-тың Хьюстон, Лос-Анджелес және Нью-Йорк қалаларында жүргізілуде. Фильмде Абдулла Ориповтың қартайған шағын Өзбекстан Республикасында қызмет көрсеткен әртіс, Сұрхандария театрының актері Қудратилла Бурханов сомдаса, ақынның жары Ханифа Мустафоева рөлін Өзбекстанның халық әртісі Гүлчехра Жамилова сомдап жатыр, деп хабарлайды Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі.

    Фильмнің бас продюсері Фирдавс Абдухолиқов, сценарий авторлары – Минхожиддин Мирзо, МУқаддас Усманова және Фурқат Усманов, постановкашы режиссер Музаффархан Эркинов, постановкашы оператор Равшан Мирзакамолов.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates