Әндіжанда корей тілін оқыту орталығы ашылады

    Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтының ректоры Дилшодбек Рустамов пен Оңтүстік Кореяның Чежу Халла университетінің президенті Сун Хун Ким арасында онлайн- сұхбат өтті.

    Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институты және Чежу Халла университетімен бірлесіп Әндіжан қаласында корей тілін оқыту орталығын ашу туралы меморандум мен ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

    Осыған орай, өзара академиялық алмасу, ғылыми және инновациялық ынтымақтастық бойынша қарым-қатынасты одан әрі нығайту және үстіміздегі жылы Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтында корей тілін оқытуға арналған орталық ашу туралы шешім қабылданған.

    Ақпарат үшін айта кетейік, Оңтүстік Кореяның ең ірі қалаларының бірі Чежу қаласында 1969 жылы негізі қаланған Чежу Халла университеті мемлекеттегі ең беделді жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі болған. Мұнда негізінен медицина, тіл үйрету және басқа да салалар бойынша білім беріледі. Бұл жоғары оқу орнында қазір алты мыңнан астам студент білім алуда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates