Бастапқыда құрамында Өзбекстан Республикасының Әділет министрі А.Ташкулов, Өзбекстан Нотариаттық палатасының төрағасы Д.Ашуров және Әндіжан қаласында жеке іс жүргізетін нотариус Камолиддин Жалолиддиновтар болған Өзбекстан делегациясы Түркияның Әділет министрлігіне барды.

Делегацияны Түркияның Әділет министрі Йылмаз Тунч қабылданып, сұхбаттасты. Сұхбат барысында екі елдің министрліктері арасында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, норма жасау саласындағы мамандарды даярлау және оқыту, сондай-ақ нотариаттық саласында ынтымақтастық жасау, алдағы жоспарлар мен ұсыныстар туралы айтылды.

Өзбекстан Нотариаттық палатасы

Делегация  елдері өкілдері Анитқабирге барып, Мұстафа Кемал Ататүрікке гүл шоқтарын қойды.

Содан соң,  түркі елдері үшін тарихи маңызы зор кездесулердің негізгі бөлімі басталды. Шара барысында барлық қонақ елдер Нотариаттық палаталарының басшылары, сонымен қатар Өзбекстан Нотариаттық палатасының төрағасы Д.Ашуров сөз сөйледі. Қонақ елдердің Әділет министрлері де сөз сөйлеп, өз ой- пікірлерін білдірді.

Тарихи оқиға орын алды: Түрік әлемі Нотариаттық қауымдастығын (одағын) құру туралы өзара Түсіністік Меморандумға қол қойылды.

Өзбекстан Нотариаттық палатасы

Енді келісімге мүше болған елдер арасында бірқатар жеңілдіктер жасалады. Яғни, болашақта Түркияда немесе Бакуде бекітілген сенімхатпен Ташкентте нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін сенімхаттың түпнұсқасы қажет болмайды. Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің нотариат жүйелері біріктіріліп, осы елдердің нотариустары үшін құжатқа апостиль қою, құжаттың тексеру үшін құжаттағы нотаристарды интернет арқылы іздеп табу, өтініш жазып, уақыт кетіру сияқты проблемалар болмайды.

Өзбекстан Нотариаттық палатасы

 

– Бұл жаңалыққа біз нотариустар дән ризамыз, өйткені нотариаттық іс-әрекет жасағанда ол бізге ғана емес, барлық азаматтарға да бірқатар жеңілдіктер туғызады, – дейді конференцияға қатысушы нотариус Камолиддин Жалолиддинов.