Ақ үй сайтындағы мәлімдемеде бұл ұйымдардың көпшілігі АҚШ-тың егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы келетін радикалды климат саясатын, жаһандық басқару мен идеологиялық бағдарламаларды ілгерілететіні айтылған. Алайда ұйымдардың нақты тізімі жарияланбаған.

Сондай-ақ мәлімдемеде америкалық салық төлеушілер халықаралық ұйымдарды қаржыландыруға миллиардтаған қаржы жұмсап, өте аз табыс алғаны атап өтілген.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дональд Трамптың екінші мерзімі басталғалы бері АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ), Климат жөніндегі Париж келісімінен, БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен және БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінен (UNRWA) шығып үлгерген, деп хабарлайды kommersant.ru