Сапар барысында шетелдік делегация мүшелері мен Сенат төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоевтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында С.Сафоев шетелдік қонақтардың Өзбекстанға  жасаған іссапарына риза екенін айтып, оларды елдегі жүргізіліп жатқан реформалар мен парламент қызметімен таныстырды.

Содан соң тараптар сұхбат барысында БҰҰ бағдарламаларының  Өзбекстанда жүзеге асырылу жағдайын, парламентаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.