Мүсіннің салтанатты ашылу рәсіміне АҚШ үкіметінің, Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, дипломатиялық корпустың өкілдері, «ақыл» орталықтарының сарапшылары, бизнесмендер және жетекші БАҚ өкілдері қатысты.
Вашингтонда тұрғызылған Әбу Райхан Беруни мүсінін «Әмірсай» тау-шаңғысы курортының демеушілігімен өзбекстандық мүсін шеберлері жасады.
Шарада Әбу Райхан Берунидің қызметі мен ғалым мұрасының әлемдік өркениеттегі ұстанған орны туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Мүсіннің ашылуы тек ұлы өзбек ғалымының тарихи маңызын дәріптеп қана қоймай, Өзбекстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың нығаюының рәмізі болатыны атап өтілді.
Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік қоғамы ғылыми кеңесінің мүшесі Федерик Старр сөзінде Әбу Райхан Берунидің қызметі мен шығармашылығы, оның әлемдік өркениетке қосқан маңызды үлесі туралы баяндады.
- Әбу Райхан Беруни Христофор Колумб Американы ашудан 500 жыл бұрын мұхиттың артында материк болғанын айтқан, — деді ол.
Берунидің аты мен мұрасына көрсетілген құрметке тоқталған қатысушылар бұл мүсін Өзбекстанның мақтан тұтар өткенінің ғана емес, мемлекеттің жарқын болашағының символы екенін атап өтті.
АҚШ өкілдерінің айтуынша, Вашингтондағы басқа елдердің елшіліктерінен айырмашылығы Өзбекстанның дипломатиялық өкілеттігінің алдында саясаткер немесе әскери қолбасшы емес, кемел ғалымның мүсінін орнату елдің оқуға, ғылым-білім инновация саласына көңіл бөлетінін көрсетеді. Бұл жоба Өзбекстанның көп ғасырлық мәдениетін, көреген заманауи сыртқы саясатын және, әрине өзбек халқының әлемдік өркениетке қосқан зор үлесін көрсетеді.
Шара соңында қатысушыларға Федерик Старр қаламына орай Әбу Райхан Беруни мен заманалық медицинаның атасы саналған Әбу Әли ибн Сино өмірі мен шығармашылығына арналған «Заманының данышпандары: Ибн Сино, Беруни» кітаптары табыс етілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.