АҚШ-тың озық сайлау технологияларымен танысты

    Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низамходжаев басшылығындағы делегация АҚШ президенттігі праймеризіне дайындық үдерісімен танысу және оған дауыс беру барысын бақылау мақсатында АҚШ-тың Калифорния штатында жүр.

    Сапар аясында халықаралық бақылаушылар үшін Лос Анджелес округінде дауыс беру және дауыстарды санау үдерістерінде қолданылатын заманалық цифрлық шешімдердің тұсаукесері, сондай-ақ дөңгелек үстел сұхбаты өтті, онда қатысушылар сайлау үдерістеріне заманалық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша жинақталған тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, көптеген елдердің сайлау жүйелерінде қолданылатын маңызды технологиялық шешімдер де талқыланды.

    Сондай-ақ халықаралық байқаушылар жаңадан пайдалануға берілген Лос-Анджелес округіндегі сайлау бюллетеньдермен жұмыс істеу орталығымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Лос Анджелес округінің хатшысы Дин Логан және оның кеңсе қызметкерлері халықаралық бақылаушыларды Орталықтың қызметі, міндеттері және оның құрылу кезеңдерімен таныстырды.

    Калифорния штатының заңдылығына сәйкес, әр округте сайлау бюллетендері орталықтандырылған түрде есептеледі.

    Халықаралық байқаушылар сайлау бюллетеньдерін өңдеудің әрбір кезеңімен және Орталық қызметкерлерінің қызметімен жақыннан танысты.

    Сапар аясында Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низамходжаев пен Лос Анджелес округінің хатшысы Дин Логан арасында сұхбат өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    Лос Анджелес округінде аталмыш праймериздерде дауыс беруге құқығы бар болған 6,5 миллион азаматтан 5,7 миллион жуық дауысберу үшін тіркеуге алынған. Лос Анджелес округі Құрама Штаттардағы ең көп сайлаушыларға ие болған окург саналады. Бұл сайлауларды ұйымдастыруға 10 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates