Еліміздегі АҚШ-тың елшісімен кездесуде қандай мәселелер талқыланды?

    Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде АҚШ-тың еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Жонатан Хеникпен және Халықаралық даму агенттігі (USAID) және Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) өкілдерімен кездесу өтті.

    Кездесуде Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастығы туралы сөз сөйлегенде, денсаулық сақтау саласындағы жүзеге асырылып жатқан біріккен жобалар еліміздің медицинасын одан әрі дамытуға қызмет ететініне тоқталды.

    Мәселен, қазір Денсаулық сақтау министрлігі осы мемлекеттің Халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) және басқа да беделді ұйымдарымен туберкулез және өкпе ауруларының алдын алу, медициналық мекемелердің арнайы құрал-жабдықтармен, гепатит В және С және т.б. жұқпалы инфекцияларға қарсы күресу, санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты бірқатар бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық жасап келеді.

    — Өзбекстан мен АҚШ стратегиялық серіктестер. Біз әлемдік деңгейде, сонымен қатар сіздердің еліңізде медицинаның дамуына үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. USAID гранттарының 40 пайызы сіздің елге денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға бағытталуы бұл мәселеге қаншалықты көңіл бөлетінімізді көрсетеді. Біз Өзбекстанға алдағы уақытта қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз, – деді Ж.Хеник.

    Сұхбат барысында атап өтілгендей, Өзбекстанды тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар көршілес елдердің азаматтары келіп, сапалы медициналық қызметтерді пайдалана алатын аймақтық медициналық хабқа айналдыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен заманауи инфрақұрылым мен жоғары білікті мамандар қажет. Министрдің міндетін атқарушы Асилбек Худаяров еліміздің бұл бағытта АҚШ тәжірибесі мен қолдауын пайдалануға мүдделі екенін мәлімдеді.

    Сондай-ақ, кездесу барысында барлық бағыттар бойынша жоғары білікті кадрларды даярлау, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау мақсатында алғашқы амбулаториялық қызметті дамытуда мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмекті жетілдіру, цифрландыру мен сақтандыру механизмдерін енгізу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, қоғамдағы салауатты өмір салтын орнату бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates