“АрМИ-2021”: Өзбекстандық әскери разведкашылар достық кездесуінде де жеңімпаз болды

    Әскери шекара 23 Avgust 2021 1057

    Өзбекстандық әскери разведкашылар Новосибирскте “АрМи — 2021” Халықаралық әскери ойындарының “Әскери разведкасының үздіктері” жарысынан алдын ұйымдастырылған достық кездесуде өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

    Оған Беларусь, Оңтүстік Асетия, Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Қытай және Новосибирск жоғары әскери қолбасшылық білім орнының курсанттар командасы қатысқан.

    Қызық әрі ымырасыз өткен сайыста пневматикалық құралдан оқ ату, күш жаттығулары, эстафета және арқан тарту сияқты шарттарда орын алып, разведкашыларымыз жоғары нәтиже көрсеткен.

    Жеребе тастау нәтижесінде, “АрМи-2021” Халықаралық әскери ойындарының “Әскер разведкасы үздіктері” жарысын ашып беру өзбекстандық разведкашыларға несіп етті. 23 августа жарыстың бірінші басқышына старт берілді. Онда алты мемлекет командалары “Ми-8 АМТШ-В” тікұшақтан десанттар, 15 километр қашықтықты басып өтті. Белгіленген қашықтықты басып өтуді әскерлер сегіз бақылау нүктелері арқылы шартты дұшпан шабуылына да шеберлікпен тойтарыс берді. Айту орынды, жарыстарды өткізу ережесіне сәйкес командалар тарапынан маскировка элементтерінің жоғатылуы, миналардың бұрыс орнатылуы, жауынгерлік тәртіптің бұзылуы, тағы басқа жағдайлар үшін командаларға штраф балдары қолданылуы белгіленген. Белгіленген орынды анықтау үшін тек магнитті компасты пайдалануға рұқсат берілген.

    Өзбекстан әскери разведкашылары барлық тәртіп пен ережелерге қатаң мойынсұнған және жарыстың шарттарын лайықты орындап, тұғырға нық қадам тастауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Ескертеміз, өзбекстандық әскери разведкалар аталмыш жарыста 2017, 2018 жылдарда 3-орынға, ал 2019 және 2020 жылдарда 2-орынға ие болған.