Ашхабатта Өзбекстан мен Оңтүстік Корея СІМ басшыларының кездесуі өтті

    Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов кеше Түркіменстан астанасында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чинмен кездесті.

    «Құрметті әріптесім, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чин мырзамен Ашхабад қаласында кездескенімізге өте қуаныштымыз», - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында. – Елдеріміз арасындағы барлық салаларда ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайту, «Орталық Азия – Корея Республикасы» диалогы шеңберіндегі байланыстар туралы пікір алмастық».

    Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 сентябрінде Өзбекстан мен Оңтүстік Корея СІМ басшылары Сеулде сыртқы істер министрліктері арасындағы Стратегиялық диалогтың бірінші жиналысын өткізді. Өзбекстан Сыртқы істер министрінің басшысы атап өткендей, диалог барысында «экономикалық дипломатияны маңызды нәтижелермен байытуға ерекше назар аударылды», - деп хабарлайды «Дунё» АА.