Кейбір құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл көлемі азайтылды

    Ел назарында 10 Avgust 2021 1956

    Әділет министрлігі тарапынан шет мемлекеттердің тәжірибесі талдау негізінде жасалған заң жобасында Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің бес бабындағы әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұлды азайту көзделген.

    Сондай-ақ:

    -мерзімі өткен сақтандыру полисі немесе сақтандыру полисінде көзделмеген тұлға авторанспорт басқарғандығы үшін айыппұл мөлшері екі есеге азайтылады ( қолданыста 245 мың сум, енді 122,5 мың сум етіп ұсынылуда);

    -транспорт иесі сақтандыру полисін алмағаны үшін айыппұл азаматтар үшін екі есеге (қолданыста 245 мың сум, енді 122,5 мың сум етіп ұсынылды), тұлғаларға үштен бір бөлігіне ( қолданыста 735 мың сум, енді 490 мың сум етіп ұсынылды) азайтуда;

    -азаматтар тарапынан валюта құнын заңсыз алу немесе өткізу үшін айыппұл мөлшері БЕМ-нің он есесінен (2 миллион 450 мың сум) жиырма есесіне дейін ( 4 миллион 900 мың сум) болған мөлшер аралығындаетіп белгіленуде;

    -бухгалтерия есебі және есеп тәртібін бұзғандығы үшін лауазымды тұлғаларға қарағанда айыппұлдар мөлшері дерлік екі есеге азайтылады (қолданыста 1 миллион 200 мың сумнан 2 миллион 400 мың сумға дейін, енді 735 мың сумнан 1 миллион 700 мың сумға дейін, бір жыл ішінде қайталағанда қолданыста 2 миллион 400 мың сумнан 4 миллион 900 мың сумға дейін, енді 1 миллион 700 мың сумнан 2 миллион 400 мың сумға дейін белгілеу ұсынылуда);

    -жолаушыларды лицензиясыз тасумен шұғылданғандық үшін айыппұл мөлшері үш есеге азайтылады ( қолданыста азаматтар үшін 4 миллион 900 мың сумнан 24 миллион 500 мың сумға дейін еді, енді 1 миллион 700 мың сум етіп, лауазымды тұлғалар үшін 12 миллион 200 мың сумнан 36 миллион 700 мың сумға дейін болса, енді 7 миллион 300 мың сум етіп белгілеу ұсынылған);

    -паспорт жүйесі ережелерін бұзғандық үшін айыппұл мөлшері екі еседен де көп азайды (223-бап);

    -Өзбекстан азаматы паспорт алмағандығы немесе оның зақымданғаны, жоғалтқаны, сондай-ақ шетел азаматы мен азаматтығы болмаған тұлғаның Өзбекстанда жасау куәлігі болмағандығы, жасау куәлігінің зақымданғаны немесе жоғалғандығы үшін қолданыстағы 122 мың сумнан 735 мың сумға дейін болған айыппұл мөлшері 81,6 мың сумнан 245 мың мөлшерге дейін белгілеу ұсынылуда;

    - Азаматтар тарапынан тұлғаны растайтын құжаты болмаған, уақытша немесе тұрақты тіркеуден өтпеген аз азаматтарды тұрғын-үй ғимараттарында жасауға рұқсат бергендігі үшін қолданыстағы 2 миллион 400 мың сумнан 735 мың сум етіп белгілеу ұсынылған, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates