Самарқант қаласы тағы бір халықаралық шараға қонақкәделік жасайды

    Биылғы 7-8 сентябрь күндері Самарқант қаласында Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) ынтымақтастығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған халықаралық конференция болып өтеді.

    Шараға 30-дан астам елдің министрлері мен дипломаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, ғылыми ұйымдар – ШЫҰ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік банк, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы, Азия даму банкі сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

    Конференция аясында қатысушылар Өзбекстанның аграрлық тармағындағы реформалардың нәтижелерімен жақынан танысады, осы саладағы ғылыми қолданбалар, инновациялық идеялар мен бастамалар бойынша әлемде қолданылып жүрген тәжірибелерді зерттеп, талқылайды. Сондықтан азық-түлікпен қамтамасыз ету бүгінгі таңда бүкіл әлемде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

    ФАО-ның бағалауы бойынша, қазір әлемде 2,3 миллиард адам азық-түлік жетіспеушілігі жағдайында өмір сүруде. Олардың 566 миллионы (25%) Азияда жасайды.

    ФАО-ның Орталық Азия бойынша субаймақтық координаторы Виорел Гуцудың айтуынша, бұл конференция ФАО мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызмет етеді. Сонымен қатар әлемдегі агроазық-түлік жүйелерін дамытудың қиындықтары мен шешімдерін талқылау үшін жақсы алаң болады.

    Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық конференция аясында Өзбекстанның агроазық-түлік әлеуетінің көрмесі және Өзбекстанның 1-ші агроазық-түлік әлеуеті көмесі мен І Өзбекстан Агроазық-түлік инвестициялық форумы өтеді. Форумға Германия, Италия, Израиль, Венгрия, Корея Республикасы, Польша, Әзербайжан, Қазақстаннан 50-ден астам компания өкілдері қатысады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates