Көркем гимнастшыларымыз әлем чемпионатында тұңғыш рет жеңіс тұғырына көтерілді

    7-9 июль күндері Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті.

    Оған қатысқан Өзбекстан құрама командасы 2 қола медаль жеңіп алды.

    Қызықты жарыстардың соңында Анастасия Саранцева құрсаумен және Мишель Нестерова таспадағы жаттығулары бойынша тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Айта кету керек, көркем гимнастикадан әлем чемпионаттары тарихында өзбекстандық спортшылар алғашқы жүлдегерлер қатарынан орын алды.

    Құрсау:

    1. Тал Франко (Израиль)
    2. Амалия Лика (Румыния)
    3. Анастасия Саранцева (Өзбекстан)

    Таспа:

    1. Лилиана Левинска (Польша)
    2. Никол Тодорова (Болгария)
    3. Мишель Нестерова (Өзбекстан)
    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates