Ташкент жерүсті метросының 2-кезеңі «Қойлық – Құрылысшылар» бағытының 7- бекетінен 12-бекетке дейінгі 8,5 шақырымдық учаскеде құрылыс жұмыстары қарқынмен жүргізілуде.
“Ўзбекистон темир йўллари” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аралықтағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
«Қазіргі таңда 3 бекеттің құрылысы аяқталуда. Қойлық базарындағы 7-бекеттен 8-, 9-, 10- бекеттері Мирабад және Сіргелі аудандары арқылы өтетін Ташкент айналма тас жолының шетінде орналасқан, қазіргі кезде мамандар 7-бекеттен 10-бекетке дейінгі аралықта құрылыс үдерістерінің барлық темір-бетон істерін аяқтап, жаңа әрі мықты рельстер толық орнатылып болды», - делінген қоғамның ақпаратында.
Бүгінде Ташкент жер үсті метрополитені 2-кезеңінің құрылыс жұмыстарына 116 машина мен механизмдер, 2650-ге жуық білікті инженер-жұмысшы жұмылдырылған.
Бұл бағыт тәулігіне 40 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Анықтама үшін: осы басқыш аяқталуымен Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асады. Бекеттер саны 50-ге жетеді. Күнделікті метрода жолаушылардың саны 600 мыңға дейін артады.