Бес айдың ішінде азаматтарға 666 миллион сумнан астам ақша өндірілді

    Гүлшаной Абдутолипова Ферғана аудандық медицина бірлестігінің кадрлар бөлімінде инспектор болып жұмыс істейді. Ол аудандық әділет басқармасына медициналық бірлестігі қызметкерлеріне айлық төлемдердегі үстеме және осыған ұқсас жәрдемақылар уақытылы төленбегендіктен шағымданған.

    — Жақында жұмыс орнымда разрядымды көтерді, - дейді Гүлшаной Абдутолипова. —Ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген тәжірибелі әріптестерімнің айтуынша, бұл разрядпен асырылған тарифте жалақы төленуі керек. Сондықтан оны анықтау үшін әділет органдарына жүгіндім. Арыз беру барысында Өзбекстан Республикасы Еңбек кодексінің 232-бабына сәйкес, 12 жасқа толмаған екі және одан да көп баласы бар қызметкерлерге қосымша ақы төленуі тиіс екенін де білдік. Осы мәліметпен 3 қызметкеріміз аудандық әділет бөліміне арызданған соң, сөйтіп жалпы 28 миллион сум төленбеген қаржылар жұмыс беруші тарапынан заңды тәртіпте төлеп берілді.

    Ферғана ауданында ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тұрғындардан 465 өтініш пен шағым түскен. Соның 440-ы оң шешімін тауып, 399-ы қанағаттандырылды. Қызмет барысында 30-дан астам мониторингтер нәтижесінде жалпы 1 725 заңбұзушылық анықталды. Ең көп заңбұзушылық қайсы ұйымдарға тура келуде?

    — Аудандық әділет басқармасына келіп түскен өтініштер талданғанда ең көп арыз-шағымдар қызметкердің жалақысына және оған төлеп берілген қосымша қаражаттар мен жеңілдіктер туралы болуда, - дейді Ферғана аудандық әділет бөлімінің бас кеңесшісі Акмал Анваров. — Мұнда медициналық бірлестік, халыққа білім беру бөлімдері «жетекші» болып келуде. Бұл арыздар біз үшін онлайн міндетін өтейді. Яғни, қай жерден өтініштер көп түссе сол жерде құқықтық насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

    Мәлімет үшін айта кетейік, осы кезең барысында Ферғана аудандық әділет бөлімі тарапынан ықпал ету шараларының нәтижесінде азаматтарға төленбей қалған 666 миллион сумнан астам жалақы мен оған теңестірілген төлемдер заңды тәртіпте өтдіріліп берілген.

    Ферғана облысында биылғы жылдың өткен кезеңінде 5 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 80 пайызға жуығы заңды түрде шешімін тапқан. Әдiлет органдары тарапынан Ферғанадағы тиiстi ұйымдарға 2 мыңнан астам ұсыныс түсiп, жеке және заңды тұлғалардан жалпы сомасы 4 миллиард сумнан астам қаржы өндіріліп берілді.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облысы Әділет басқармасының

    жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша жетекші кеңесші.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates