Цифрлық технологиялар министрлігі «Бір миллион өзбек бағдарламашысы» жобасының кезекті маусымын бастады. Бұл туралы АОКА-да өткен брифингте Цифрлық технологиялар министрлігінің ақпараттық қызметінің басшысы Шерзод Ахматов мәлімдеді.
– «Бір миллион өзбек бағдарламашысы» – Өзбекстанда жергілікті бағдарламашыларды дайындау жобасы болып, бұл жоба жастарды заманалық кәсіптерге тегін онлайн курстар ұйымдастыра отырып, оқытуды мақсат еткен, дейді Ш. Ахматов. – Мемлекет басшысы білім саласының ел дамуындағы шешуші рөлін үнемі атап өтеді. Елімізде жастардың білімге деген қызығушылығы артып келеді. Бірақ ең басты мәселе — нені оқыту керек, әсіресе шалғай аудандарда кімнің оқытуы сияқты мәселелерде сақталып қалуда. Бұл мәселенің шешімі ретінде ІТ бағыты бойынша Өзбекстан АҚШ-тың "Coursera" платформасы арқылы ынтымақтастық жүргізілуде. Осы ынтымақтастық арқылы еліміздің ең шалғай ауылдарындағы жастар да әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан ең жоғары талапқа иеболған курстарды онлайн оқыту мүмкіндігіне ие болуда. Бұл үдерісте жастарымыздың алға қойған мақсатына жетуі үшін еңбекқорлық пен табандылық маңызды. Курстарды бітіріп, халықаралық сертификат емтихандарын тапсыру оларға әлемдік еңбек базарына жол ашады.
Атап өткендей, Цифрлық технологиялар министрлігі IT саласында оқитын дарынды студенттерге «Coursera» білім беру платформасында тегін оқу арқылы халықаралық IT сертификаттарын алу мүмкіндігін жасады. «Бір миллион өзбек бағдарламашысы» жобасы 2025-2026 жылдарға арналған жоспарында халықаралық IT сертификаттарын алғандар санын 1 миллионға, кәсіби халықаралық IT сертификаттарын алғандар санын 30 мыңға жеткізуді көздейді.
Сонымен қатар, жоба аясында жоғары нәтиже көрсеткен ең үздік 2 мектепке Президент сыйлығы – 2 электромобильді табыстау жоспарлануда. Бұл ретте, жоба аясында 14 аумақта ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға 700 ноутбук, Топ- 10 мұғалімге шетелге саяхаттауға жолдама, жоба аясында ең жоғары нәтиже көрсеткен 100 мұғалімге 10 миллион сум ақшалай сыйлық және Топ-3 жоғары білім беру мекемелеріне ақшалай сыйлық беру көзделген.