Бұл туралы АОКА-да болып өткен брифингте Мемлекеттік тест орталығы ақпарат қызметінің басшысы Орзиқул Бобоев мәлімдеді.
Кейінгі жылдары бітірушілерге мемлекет тарапынан жоғары білім алу бойынша үлкен мүмкіндіктер, жағдайлар жаратылуда. Солардың бірі ретінде бітірушілердің артықша әуре болмауы үшін, тек бір рет емтихан тапсырумен ЖБМ-не кіру мүмкіндігін жасау көзделген.
Мектеп, академиялық лицей бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік емтиқандарын кіру тестілеу сынақтарына теңестіру, яғни унификация жасау туралы қаулы жобасы жалған және тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылған.
Бірақ өткен жылдары бітірген абитуренттер үшін кіру тест сынақтары бөлек өткізіледі.
Сонымен бірге ескертеміз, бітірушілердің қорытынды емтихандары Мемлекеттік тест орталығы тарапынан жүзеге асырылады. Жоғары білім мекемелеріне кіру тест сынақтары қандай тәртіпте болса, қорытынды мемлекеттік емтихандары да сол тәртіпте ұйымдастырылады (мектептерде емес).