Блогер Абдуқодир Муминовтың ісіне қатысты ресми ақпарат берілді

    Қауіпсіздік 8 Fevral 2023 1403

    Ол Жызақ облысындағы ұйым басшысынан 70 мың АҚШ долларын сұраған.

    Ташкент қаласы ІІББ-не азамат Э.З. арыз беріп, блогерлікпен шұғылданушы Абдуқодир Муминов есімді азаматтың әрекетіне заңды шара қолдануды сұраған. Арыз негізінде жүргізілген тексеру барысында төмендегілер анықталды.

    2021 жылдың октябрь айында А.Муминов сыни бейнекөріністер дайындау және әлеуметтік желілерге тартату арқылы азамат Э.З.нің інісі Д.Ю.дің атына ресмилендірілген ЖШҚ қатысты жағдай туралы Сырдария облысы ІІБ Тергеу бөлімі жұмыс жүргізуіндегі қылмыстық жұмысты оңды шешуге ІІБ қызметкерлерін мәжбүрлеу қолынан келетінін айтып, сол арқылы Э.З.-ның сеніміне кіріп, өзінің қызметтері үшін жалпы 10.000 АҚШ долларын сұрап, содан 3.800 АҚШ долларын алдын ала алған. Бірақ ол берген уәдесін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне істетіп жіберген.

    Бундан тыс, 2021 жылдың октябрь айында А.Муминов Жызақ облысында азамат А.Т. мен кездесіп оның басшылығындағы ұйым туралы сыни бейнекөрініс дайындағанын, осы материалды өзінің “Кузгу” атты әлеуметтік желісі арқылы жариялайтын болса, ұйым басшылығына деген қылмыстық іс қозғалатыны, түрмеге отырғызатынын айтып, оны өз мүлкін беруге мәжбүрлеу жағдайына салып, А.Т. дан осы мәліметтерді сыр сақтау үшін 70.000 АҚШ долларын сұраған.

    Азамат А.Т. өзі берген айғақтарын растау ретінде А.Муминовпен сөйлескен аудиожазбасын ұсынып, оған қатысты заңды шара қолдануды сұрады.

    Осы мән-жайларға байланысты А.Муминовқа қатысты Ташкент қаласы ІІББ-ның тергеу басқармасымен Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабы («Алаяқтық») және 165-бабы («Бопсалау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. А.Муминов процессуалдық тәртіпте қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

    Ташкент қалалық IIББ ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates