Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

    Бүгін, 15 декабрьде Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссары басқармасының гуманитарлық көмегі тиелген екі арнайы жүк көлігі Терміз арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелтілді.

    Гуманитарлық көмек БҰҰ Босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Басқармасының Сұрхандария облысындағы "Termez Cargo Centre" Өзбекстан үкіметі көмегімен ұйымдастырылған гуманитарлық орталығынан жүктеліп, көрші елге жөнелтілді. Заманалық терминал Өзбекстан-Ауғанстан шекарасынан екі шақырым жерде орналасқан, мұнда жүктерді сақтауға және көрші мемлекетке жөнелтуге жеткілікті жағдай жасалған.

    Ауғанстанға жіберілген алғашқы қырық тоннадан астам гуманитарлық көмектің ішінде ас үй ыдыстары, пластмасса қаптама және басқа да ең қажетті заттар бар.

    Гуманитарлық көмек жүктері ағымдағы жылдың октябрь-ноябрь айларында әуе және құрлық арқылы Термізге жеткізіліп, "Termez Cargo Centre" терминалында сақталған еді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates