БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Өзбекстанның бастамасын бірауыздан қолдады

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Деградацияланған және құрғақ аймақтарда тұрақты ормандар құру, ағаш отырғызу және оларды насихаттау – экологиялық проблемалармен күресудің тиімді шешімі» резолюциясын бірауыздан қабылдады.

    Бұл туралы "Дунё" AA хабарлады.

    Бұл резолюция Өзбекстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан қалалар мен ауылдық аумақтарды көгалдандыру арқылы биоәртүрлілікті сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған «Жасыл кеңістік» ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы негізінде әзірленген.

    Құжатта Мемлекет басшысының Бас Ассамблеяның 78-сессиясында және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 28-конференциясында климаттың өзгеруімен және жердің деградациясымен тиімді күресу бойынша білдірген негізгі ұсыныстары қамтылған.

    Резолюцияға 100-ден астам мүше мемлекеттер, соның ішінде Орталық Азияның барлық елдері, Әзербайжан, Австрия, Бельгия, Бахрейн, Венгрия, Германия, Италия, Иордания, Индонезия, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы, Латвия, Маңғолия, Марокко, Оман, БАӘ, Пәкістан, Португалия, Ресей, Корея Республикасы, Түркия, Франция және әлемнің әртүрлі аймақтарын білдіретін басқа мемлекеттер теңавтор болды.

    Резолюцияда орманды тұрақты басқару мен ағаш отырғызудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық артықшылығы жан-жақты қамтылған. Олардың биоалуандылығын арттыруға, климаттың өзгеруі мен ауаның ластануының салдарын азайтуға, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына жетуге қосқан үлесі, соның ішінде кедейшілікті жою мен азық-түлік қауіпсіздігімен қамтуға қосқан үлесі ерекше атап өтілген.

    Резолюцияның өзіндік ерекшелігі оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы соңғы ғылыми бағыттарға сәйкестігі болып табылады. Сондай-ақ, экологиялық таза әрі экожүйеге негізделген әдістерді қолдана отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау және көбейту мақсатында БҰҰ-ға мүше елдерге ағаш отырғызу саласында нақты кеңестер берілген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates