Белгілі боғандай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы сессиясында 2020 жылдың 13 октябрі күні  өткен сайлауларда Өзбекстан ұлттық мемлекеттілігіміз тарихында тұңғыш рет БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесіне мүшелікке үш жыл мерзімге – 2021-2023 жылдарға сайланған.  Еліміз 2021 жылдың 1 январынан бастап осы бағыттағы миссиясын атқарып келуде.

БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің көктемгі сессиясы аясында  2021 жылғы 22-24 февраль күндері Женева қаласында өткен Жоғары дәрежедегі сегмент ісінде Өзбекстан Республикасы Президенті осы Кеңеске мүше мемлекет басшысы ретінде бірінші рет қатысып, сөз сөйледі. Жоғары деңгейдегі сегмент Адам құқықтары бойынша кеңестің жылдың ең маңызды саяси оқиғасы болып табылады.

Президент Шавкат Мирзияев осы беделді халықаралық ұйымның жоғары мінберінен бірқатар ұлттық, аймақтық және халықаралық бастамаларды алға тартты. Өзбекстан Президентінің бұл бастамалары әлемдік қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тауып, дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Женева қаласында 2021 жылғы 8 октябрьде БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесінің 48-сессиясы аясында Өзбекстанның бастамасы негізінде Жастардың адам құқықтарына COVID-19 пандемиясының салдары туралы резолюция қабылданды.  Резолюцияны әзірлеу және қабылдау туралы бастаманы Өзбекстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 22  февраль күні  БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесінің 46-сессиясында көтерген болатын.

Дәл қазір, БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесінің 49-сессиясы ісіне Олий Мажлистің Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов басшылығында Өзбекстан делегациясы  қатысуда.

Ақпарат үшін: БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесі 2006 жылғы 5 мартта БҰҰ Бас Ассамблеясының 60/251- резолюциясымен ұйымдастырылған. Аталмыш резолюция негізінде Кеңес әрбір мемлекеттің адам құқықтары саласындағы міндеттері орындалуының Әмбебап мерзімді талдау жүргізіледі және  сол арқылы барлық  әмбебап  көлемде барлық мемлекеттерге бірдей қатынасты қамтамасыз етеді.

Адам құқықтары бойынша кеңес БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының органы саналады. Оның негізгі міндеті – еркіндікті, заң үстемдігін және әділеттілікті насихаттау. Адам құқықтары бойынша кеңестің штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан.

 Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.