БҰҰ комитеті сессиясында Олий Мажлис Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов басшылығындағы өзбек делегациясы онлайн режімінде қатысуда.
БҰҰ комитеті сессиясының жұмысына, сондай-ақ Өзбекстандағы бірқатар азаматтық қоғам институттарының белсенділері де қашықтықтан қатысуда.
Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығы тарапынан Конвенция ережелерін жүзеге асыру шеңберінде дайындалған Алтыншы кезеңдік есебі 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды. Осы баяндаманы дайындауға 30-дан астам мемлекеттік органдар мен 20-дан астам азаматтық қоғам институттары қатысты.
- Алтыншы кезеңдік есепте Конвенция ережелерінің баптары бойынша орындалу барысы, Өзбекстан заңдылығындағы соңғы өзгерістер, әйелдердің мәртебесін көтерудегі жетістіктер туралы толық ақпарат берілген. Сондай-ақ:
- әйелдерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы;
- Өзбекстан Үкіметі тарапынан әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту;
- ерлер мен әйелдердің арасындағы теңдікті орнатуды жеделдету;
- қоғамдағы әйелдерге деген теріс пікірді жою;
- әйелдерді сатудың және әйелдерді жезөкше ретінде пайдаланудың барлық түрлерін тоқтату;
- некеге байланысты мәселелер және отбасылық қатынастарда, саяси қызметте және қоғамдық өмірде, білім беруде, жұмыспен қамтуда, денсаулық сақтауда, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық ынтымақтастықта әйелдерді кемсітудің алдын алу бойынша қабылданған іс-шаралар туралы ақпараттар қамтылған.
Мәлімет үшін: Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенцияны БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан 1979 жылдың 18 декабрінде қабылдаған. Өзбекстан бұл конвенцияға 1995 жылы 6 майда қосылған.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою бойынша комитет БҰҰ-ның келісімшарттық органы болып табылады. Ол Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция ережелерінің орындалуын бақылайды. Бүгінгі таңда 18 тәуелсіз сарапшы аталмыш Комитетке мүше саналады.
БҰҰ комитеті сессиясының мақсаты— Конвенция ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуде қол жеткізілген нәтижелерді талқылау болып табылады. Сессия соңында кезеңдік баяндаманы қарау қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттерге ұсыныстар мен ұсынымдар беріледі, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.