Бұл туралы 28 июльде өткен «Адам саудасына қарсы күрес саласындағы ұлттық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту» тақырыбындағы халықаралық шарада БҰҰ-ның есірткі және қылмыс бойынша  басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Ашита Миттал атап өтті.

Бұл халықаралық шараны Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссиясы Ішкі істер министрлігімен, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс бойынша  басқармасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Онда Олий Мажлис Сенатының Төрағасы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссиясының төрайымы Т.Нарбаева сөз сөйлеп, соңғы жылдары мемлекетте Президент басшылығында Жаңа Өзбекстанды құруға, халықтың әл-ауқаттылығын қамтамасыз етуге қызмет ететін « Жаңа Өзбекстан– халықшыл және адамгершілікті мемлекет» идеясы негізінде  мемлекет пен қоғамның саяси-құқықтық іртетасын нығайтуәа, бұл үдерісте адам құқығының жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған реформалардың жүзеге асырылғанын тілге тиек етті.

 Адам саудасына қарсы күрес бойынша Өзбекстан тәжірибесі мен саладағы орын алған ділгірліктерді және Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссиясының қызметі , БҰҰ-ның есірткі және қылмыс бойынша  басқармасы, тағы басқа бірқатар  халықаралық ұйымдар толық қолдап-қуаттап, халықаралық мойындады. 

Ұлттық комиссия құрылғаннан бері, соңғы 3 жылда осы бағыттағы заңнама базасын заман талаптарынан, сондай-ақ халықаралық нормалардан келіп шығып жетілдіру мақсатында 40-қа жуық өлшемдік-құқықтық құжат қабылданды.

Адам саудасына қатысты қылмыстар үшін жауапкерлік күшейтілді, балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбек үшін қылмыстық жауапкерлік белгіленді, «Адам саудасына қарсы күрес туралы »  жаңа өңдеудегі заң қабылданды, адам саудасынан жәбірленген деп болжанатын тұлғаларды халықаралық идентификациялау мен қайта бағыттау тәртібі белгіленді. Бірқатар халықаралық конвенциялар ратификацияланды.

Сонымен қатар, Халықаралық еңбек ұйымымен, Миграция бойынша халықаралық ұйыммен, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс бойынша  басқармасымен, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, АҚШ Мемлекеттік департаментімен, Еңбек министрлігімен, тағы басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 10-ға жуық «Жол картасы» қабылданып, олардың орындалуын Ұлттық комиссия тұрақты бақылауда.

Шарада сөз сөйлеген АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісінің орынбасары Политес Пол Өзбекстан соңғы жылдары  Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін мойындап, Өзбекстан таяу жылдары АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің әлемде адам саудасы жөніндегі жылдық есебінде өз ұстанымын ең жоғары басқышқа көтеру мүмкіндігіне ие екенін тілге тиек етті.

 Мәлімет ретінде келтіріп өтсек, жыл сайын АҚШ Мемлекеттік департаменті әлемде адам саудасы жөніндегі есебін жариялайды. Соңғы жылдардағы есептерінде Өзбекстанда Президент басшылығында адам қадірін ұлықтау, оның құқығы мен мүддесін жан-жақты қорғау, адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарыс күрес бойынша жүйелі істердің жүзеге асырылғаны оң нәтижесін беріп жатқанын айтып өтті.

Шараға халықаралық ұйымдардың сарапшылары, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс бойынша  басқармасының мамандары,  Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің сала бойынша жетекші мамандары, сондай-ақ мемлекеттің құқық қорғау органдары, сонымен қатар бірқатар мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соның ішінде, қатысушылар Орталық Азия мемлекеттерінің адам саудасына, әсіресе заманалық ақпарат технологиялары жәрдемінде жүзеге асырылып жатқан адам саудасына қарсы күрес бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттерінің  өкілдері мұндай шараларды тұрақты ұйымдастыруәа, тұрақты сұхбат алаңына айналдыруға, алдағы жылы мұндай шараларды көрші мемлекеттердің бірінде өткізуге келісті.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.