БҰҰ мен Сенат арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

    Ағымдағы жылдың 14 майда Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының атқарушы директоры Сима Сами Бахуспен кездесті.

    Кездесуде «БҰҰ-Әйелдер» құрылымен ынтымақтастықта гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйел-қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауда жүргізілген кең көлемді реформалардың практикалық нәтижелеріне назар аударылды.

    С. Бахус ханым Президентіміздің БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясындағы жасаған ұсыныстары негізінде өткен Азия әйел-қыздары форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті және оны әр екі жылда бір рет Өзбекстанда өткізу туралы ұсынысты толық қолдайтынын жеткізді.

    Сонымен қатар елімізде әйел-қыздардың еңбек құқықтары, олардың кәсіпкерлік қызметі қолдап-қуатталғаны, бұл бағытта әйелдерге кең көлемді жасалып жатқан жеңілдіктер мақтауға лайық екені айтылды.

    Өзбекстанның Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдерінің диалогын жолға қоюдағы бастамасын, сондай-ақ Республикалық гендерлік теңдікті қамтамасыз ету комиссиясының барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі нәтижелі қызметін жоғары бағалады.

    Тараптар Республикалық Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету комиссиясы мен “БҰҰ-Әйелдер” құрылымы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мәселесін қарауға, сондай-ақ біріккен «жол картасын» әзірлеуге және бекітуге дайын екендіктерін білдірді.

    «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы әйел-қыздарды қолдап-қуаттау, сондай-ақ заңдылықты жетілдіруге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда көмектесуге дайын екенін білдірді.

    Сондай-ақ елімізде “БҰҰ-Әйелдер” құрылымының өкілеттігін ашу мәселесі де талқыланып, алдағы міндеттерді белілеп алды.

    Достық және сындарлы рухта өткен кездесу соңында жүйелі диалогты жалғастырудың маңыздылығы мойындалды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates