Кездесуде Өзбекстан мен БҰҰ-ның Есірткі және Қылмыс мәселелері бойынша мекемесі арасындағы ынтымақтастық, әсіресе, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс, адам саудасы және терроризмге қарсы күрестің жаңа деңгейіне көтерілгені айтылды.
Сондай-ақ, өңірдегі адам құқықтарының үстемдігі мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, лайықты еңбек жағдайын жасау, сыбайлас жемқорлық пен адам саудасына қарсы күресудегі парламенттің рөлі жан-жақты талқыланды.
Сонымен бірге, диалогта Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шараларының заңды негіздері жаратылғаны, халықаралық деңгейде мойындалғаны ерекше атап өтілді.
Елімізде адам саудасы, мәжбүрлі еңбек және шетелде жұмыс істейтін мигранттардың проблемаларын шешуде оң нәтижелерге қол жеткізілгені баса айтылды. Осы орайда Өзбекстанның халықаралық рейтингтер мен индекстердегі орнының жақсарғаны атап өтілді. Алдағы уақытта да осындай оң нәтижелерге қол жеткізу үшін ұйыммен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Тараптар қылмыстар мен құқық ұзушылықтардың алдын алуда заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.