«Гимнастикалық спорт түрлерін одан әрі дамыту іс-шаралары туралы»  Президенттің қаулысы (ПҚ-449-санды, 23.12.2022 ж.) қабылданды.

Қаулымен гимнастикалық спорт түрлерін дамытудың негізгі бағыттары белгіленді.

Қаулығы орай, 2023/2024 оқу жылынан бастап:

- балабақшаларда «Гимнастикаға алғашқы қадам» бағдарламасы;

- мектептерде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балаларға арналған гимнастика» бағдарламасы енгізіледі.

Нөкіс, Самарқант, Ферғана қалаларында заманауи материалдық-техникалық және оқу-жаттығу  базасы бар аумақтық Гимнастика спорт түрлеріне дайындау орталықтары құрылады.

Бұл Гимнастика орталығы заңды тұлға мәртебесіне ие болған мамандандырылған мемлекеттік спорт-білім беру мекемесі болып саналады және 2024/2025 оқу жылынан бастап өз жұмысын бастайды.

Гимнастика орталықтары оқушыларының контингенті жалпы 132 адамды құрайды, олар 1-11 сынып оқушылары.

Гимнастика орталықтарының оқу бағдарламасын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен 11-сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Аталмыш диплом берілген мамандық (тренер, тренер-селекционер) бойынша жұмыс істеуге болады.

Қаулыға сәйкес, 2023/2024 оқу жылынан бастап Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті мен оның филиалдарына гимнастика бойынша жүзіндегі оқуға қабылдаудың мемлекеттік тапсырысының параметрлері екі есеге асырылады.

2023 жылдың 1 январынан бастап дәстүрлі спорт түрлері бойынша Өзбекстанда төмендегі жарыстар өтеді:

гимнастикадан спорт түрі бойынша әйелдер арасында Президент кубогы;

көркем гимнастика бойынша жастар арасында «Жарқын жұлдызша» және ересектер арасында “Grand Prix Uzbekistan”  халықаралық турнирі;

спорттық гимнастикасы бойынша  «Духоба йул» халықаралық турнирі;

трамполин бойынша « Аспаннан биік»  халықаралық турнирі;

халықаралық гимнастика күніне арналып өткізілетін “Gymnastics Day”  жалпы Өзбекстан бұқаралық форумы;

жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Халық білім беру министрінің кубогы»;

гимнастика спорт түрлері бойынша Халықаралық гимнастика федерациясының бекітілген нормалары мен ережелерінде белгіленген жас санаттары бойынша үш басқышты (аудан/қала, аумақтық және республикалық) чемпионаттар мен кубоктар.