Баланы иттердің шабуылынан аман алып қалған жүргізуші марапатталды

    Әлеуметтік желіде Самарқант қаласындағы «Ёшлар» махалла азаматтар жиыны аумағында орналасқан көлік тұрағы алдынан өтіп бара жатқан балаға иттердің шабуыл жасағаны және такси жүргізушісі оны құтқарғаны көрсетілген бейнетаспа таралды.

    Самарқант облысы ІІБ-нің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 8 июль күні бейнетаспаға түсіп қалған және кейінірек таралған жағдай Самарқант қаласының Набиев-4 көшесінде орын алып және сол күннің өзінде балаға медициналық-психологиялық көмек көрсетілген. Дәл қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

    Кеше, 11 июль күні Самарқант қалалық әкімдігінде қала әкімі Фазлиддин Умаров пен қалалық ішкі істер органдарының қызметін үйлестіру басқармасының бастығы Исматжон Ибрагимов баланың өмірін сақтап қалған такси жүргізушісі, 23 жастағы Фирдавс Ахмедовке және оның ата-анасына алғысын білдірді.

    Сонымен қатар Фирдавс Ахмедовке де естелік сыйлықтар табыс етілді.