баннер
1 Apr 2025
12:20

    Бас консулдық Түркияда жалған жұмыс ұсынғандардан ескертті

    Соңғы кездері кейбір алаяқтар Өзбекстан азаматтарына Түркияда жоғары жалақы алатын жұмысқа шақырып (негізінен азаматтардың таныстары арқылы), оларды алдау фактілері көбейіп барады.

    Айтылуынша, алаяқтар жұмысқа орналастыру, баспана және заңды құжаттарды рәсімдеу бойынша жалған уәде беріп, азаматтарды қиын жағдайға душар етуде.

    Бас консулдық заңсыз жұмысқа кіріскен немесе алаяқтар тарапынан алданып қалғандар, төмендегі проблемаларға тап болатынын хабарлады.

    — Еңбекақы уәде етілгеннен әлдеқайда аз төленуі немесе мүлде төленбеуі

    —Жұмыс жағдайы өте ауыр немесе нашар болуы

    — Жұмыс берушінің заңсыз пайдалануы және теріс пайдалануы

    — Түркияда келген соң заңсыз жұмыс істегені үшін депортация және айыппұлдар

    — Түркияға келген соң әуежайда күтіп алуы уәде етіп, ақшаңызды жымқырған соң делдалдың жолып кетуі.

    Жоғарыда аталған жағдайларда жерлестеріміз бен жұмыс ұсынатын тұлғалар арасында ресми құжат болмағандықтан, алаяқтарды жауапқа тарту өте қиынға соғады.

    Түркияда жұмыс істеу үшін шетелдік азаматтардың арнайы рұқсаты болуы керек - жұмыс істеуге рұқсатнама болуы (Çалışма İзни) шарт !

    Сондай-ақ консулдық жұмыс іздеу үшін тек Өзбекстан Республикасының Сыртқы еңбек миграциясы агенттігіне (www.migration.uz) (http://www.migration.uz/) немесе ресми лицензиясы бар агенттіктерге жүгінуді ұсынды.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech