1-сыныпқа қабылдау үдерісі 2 кезеңде жүзеге асырылады:
- 1-кезең: микро-аумақ аясында (20 июнь – 31 июль)
- 2 кезең: микро-аумақтан тыс (1 - 15 август)
43 ауданда (қалада) 1-сыныпқа қабылдау үдерістері электронды түрде мемлекеттік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, ата-аналар 20 июнь сағат 12.00-ден бастап my.maktab.uz электронды платформасы арқылы тіркеліп, өтініш бере алады.
Қалған аудандарда дәстүрлі түрде, яғни тікелей мектеп тарапынан 1-сыныпқа қабылданған оқушылар министрліктің электронды жүйесі арқылы adm.maktab.uz-ға енгізіліп бақыланады.
Электронды қабылдау үдерістері туралы қосымша ақпаратты Министрліктің 71-203-07-04 телефон нөмірі арқылы хабарласып, қосымша ақпараттарды алуға болады.