Мемлекет басшысы Бұхара облысында жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өткізді

    12 тамызда Президент Шавкат Мирзиёев Бұхара облысында реформалардың нәтижелсі мен жаңа жобаларды талқылауға арналған жиын өткізді.

    Бұрын бұл өңірдің экономикасы санаулы ғана салалармен шектелетін. Соңғы сегіз жылда облысқа 8 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартылып, экономиканың құрылымы айтарлықтай кеңейді. Тек өнеркәсіп саласында ғана 6 мың жаңа кәсіпорын ашылып, өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі 6 еседен астам өсті.

    Туризм инфрақұрылымы жақсарып, жаңа нысандар бой көтерді. Белгілі қонақүй брендтері келді. Жыл сайынғы туристер саны 1 миллион 700 мың адамға жетті.

    Өзбекстан Президентінің 2024 жыл 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Бұхара облысында өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласын дамыту бойынша қосымша шаралар бекітілген еді. Соның нәтижесінде биыл алты айда өнеркәсіп өнімдері өндірісі 7,3 пайызға артты, 198 жаңа өнеркәсіп кәсіпорны құрылды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 6,4 пайызға өсті.

    Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Реформалар штабы» Бұхарада да қосымша мүмкіндіктерді айқындап отыр. Таныстырылымда жауапты басшылар жаңа жобалар туралы ақпарат берді.

    Мысалы, түркиялық кәсіпкерлер «Пешку» ауданында графит өндіру және өңдеуге қызығушылық танытқан. Вьетнам компаниясы заманауи тұрғын үй кешенін, ал үндістандық кәсіпорын хирургиялық орталық салуды жоспарлап отыр. 217 гектар аумақта 260 жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашу көзделген.

    Жалпы, облыста 1 миллиард 700 миллион долларлық 21 жаңа жоба қалыптастырылған. Олардың нәтижесінде 32 мың жұмыс орны ашылып, 180 миллион долларлық экспорт әлеуеті қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

    Мемлекет басшысы өңір экономикасын дамыту және халықты жұмыспен қамту бойынша қосымша мүмкіндіктерді де атап өтті.

    Атап айтқанда, «Пешку» ауданында халыққа жалға берілген жерлерде арзан жылыжайлар салынып, экспортқа бағытталған дақылдар өсіру жолға қойылған. Осы тәжірибені кеңейтіп, облыс бойынша қосымша 5 мың үй шаруашылығында осындай жылыжайлар ұйымдастыру тапсырылды.

    «Шафиркон», «Ғиждувон», «Пешку» және «Бұхара» аудандарында 10 мың гектарға жүзім, «Вобкент», «Ғиждувон», «Жондор», «Ромитан» және «Когон» аудандарында 5 мың гектарға өрік, шие, інжір сияқты экспортқа бейім жеміс бауларын өсіру тапсырылды.

    Бұхараның көне зиярат орындары әйгілі, алайда туристерді ұзақ уақыт ұстап қалатын ірі кешендер жоқ. Осыған байланысты шетелдік инвесторларды тартып, сауда және ойын-сауық паркін ашу қажеттігі айтылды.

    Өнеркәсіп – тағы бір маңызды бағыт. Өңірде 2 ірі мұнай-газ кәсіпорны бар, тағы біреуі салынып жатыр. 10 ірі күн және жел электр станциясының құрылысы қарқын алған. Осы кешендердің айналасында шағын кәсіпорындар орналастырып, инвестиция, өнеркәсіп және экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі көрсетілді.

    Жиналыста Бұхара облысы мен аудан әкімдері халық табысын көбейту, кедейлік пен жұмыссыздықты азайту жөніндегі жоспарларын баяндады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates