Бұхарада 4 магнитудалы жер сілкінісі болды

    Үстіміздегі жылдың 23 январь күні Бұхара облысының Жондар ауданында 4 магнитудалы жер сілкінісі болды.

    ТЖМ Сейсмопрогностикалық мониторинг Республикалық орталығының хабарлауынша, жергілікті уақытпен 23.01.2025 05:44-те (23.01.2025 жыл, Гринвич бойынша 00:44-те) жер сілкінісі болған.

    Жер сілкінісінің ошағы Бұхара облысы, Жондар ауданы. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік кеңдік 40,22 градусы; шығыс ұзындық 63,12 градус. Магнитудасы M=4. Тереңдігі 15 км. Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 526 шақырым жерде.

    Жер сілкінісінің күші Бұхара облысының Пешку ауданында 2 балл, 47 км. Қаракөл ауданында 2 балл, 49 км байқалды.