Ұлыбритания Қарулы Күштер министрі Сұрхандария облысында болды

    Елімізге іс сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрінің парламентар орынбасары, Қарулы Күштер министрі Жеймс Хиппи Корольдіктің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тимоти Торлоу және тағы басқа ресми өкілдермен Сұрхандария облысына келді.

    Қонақтарды Термез халықаралық аэропортында Сұрхандария облысы әкімі Тўра Боболов және басқа ресмилер қарсы алды.

    Кездеу кезінде облыс әкімі делегация мүшелерін өлкемізге алғаш келуімен құттықтап, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзбек-британия біріккен кәсіпорындарының қызметі және инвестиция әкелу мүмкіндіктері туралы айтты.

    Қазірде Сұрхандария облысында Ұлыбритания инвестициясымен 8 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2018-2020 жылдарда облысқа жұмылдырылған тікелей шетелдік инвестицияның 106,2 миллион доллары немесе 22,6 пайызы ұлыбританиялық инвесторлар есебіне тура келеді. 2021-2023 жылдары облыста Ұлыбритания бизнес өкілдерінің қатысуында 248,5 миллион долларға тең тағы 7 болашақты жобаны жүзеге асыру көзделген.

    Өзбекстанды Ауғанстанмен байланыстырып тұратын Термез – Хайратон көпірі аумағында жалғасқан шынайы сұхбат кезінде екі мемлекеттің шекаралас облыстары арасында орнатылған өзара аумақаралық ынтымақтастық байланыстар және аймақтық күн тәртібіндегі ділгір мәселелер туралы әңгімелесті.

    Қонақтар «Айритом» шекара кеден посттында жасалған заманалық жағдайлармен танысты. Шекара аумағында жаңадан құрылып жатқан Термез халықаралық сауда орталығы және онда шетелдік іскерлерге жасалған қолайлылықтар туралы мәліметтер берді.

    Сапар соңында Жеймс Хиппи достық кездесу үшін облыс әкіміне алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастық байланыстардың одан әрі нығаюына сенім білдірді, деп хабарлайды Сұрхандария облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates