Біз бюрократиялық кедергілерге тап болып жатырмыз ба?

    Қазіргі таңда Ферғана облысында 80 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

    Жасыратыны жоқ, халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылғанға дейін тек азаматтар ғана емес, кәсіпкерлер де құқықтық мәртебе алу, құжат дайындау, мемлекеттік тіркеуден өту сияқты ондаған мәселелерде көптеген бюрократиялық кедергілерге тап болған. Қазір барлық кедергілер жойылды.

    Қоқандық кәсіпкер Мухиддин Тиллабоев он жылдан бері балалар киімін тігумен айналысады. Алғаш шағын цех ашқан кәсіпкер ісін кеңейтіп, бүгінде 100-ге жуық жергілікті жасты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын балалар мен сәбилерге арналған киімдердің 50-ге жуық түрін шығарып, Бельгия, Румыния, Беларусь және Балтық жағалауы елдеріне экспорттайды.

    Мухиддин бастапқыда кәсіпкерлік қызметі үшін заңды статус алу және құжаттарды дайындауда көптеген түсінбеушілік пен бюрократиялық кедергілерге тап болды. Осыдан төрт жыл бұрын Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылғаннан кейін Мухиддиннің жұмысы мыңдаған кәсіпкерлер сияқты жылдам әрі жеңіл болды.

    – Жұмыс істеп жатқаныма 10 жылдан асты. Бұрын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу ғана емес, жерге иелік ету құқығын тіркеп алудың өзі «үлкен» іс болатын еді, – дейді Мухиддин Тиллабоев. – Бір ғана электр энергиясына қосылуды, кадастрлық құжаттарды дайындауды, есепшот ашу жұмыстарына бір айды жоспарлайтынбыз. Бұл қазір ертегі болуы мүмкін. Бірақ бұл жақын тарихта болған. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуымен мұндай әбігерге нүкте қойылды.

    Түркиялық кәсіпкер Садик Гиргин Қоқандағы аяқ киім өндіретін фабрикасының басшысы. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығына құрылтайшы құжаттарына өзгерістер енгізуге келген. Оның жұмысы нақты уақытта оң шешімін тапты.

    «Менің негізгі қызметім тек аяқ киім өндіру ғана емес, сонымен қатар аяқ киімге арналған былғарыны қайта өңдейміз», - дейді Садик Гиргин. – Қоқан қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына күнделікті жұмысыммен жиі келіп тұрамын. Ашығын айтқанда, осыдан 4-5 жыл бұрын бәрі басқаша болатын. Қазір бәрі өзгерді. Қиындықтар, кәсіпкерді әбігерге салатын жағдайлар жойылды. Бұл шетелдік кәсіпкерлердің ағымының көбеюіне әкеледі.

    Қазіргі таңда Ферғана облысында жұмыс істеп тұрған 19 халыққа қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлер мен азаматтарға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ е-аукцион алаңы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, инфоланд солар қатарында.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Ферғана облысында 287 шетелдік кәсіпорын жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 10 ай барысында 46 шетел капиталының негізіндегі кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткізілген.

    МҚА Ферғана облыстық басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates