Билет кассаларында кезекке тұрмай-ақ билет ресімдеу мүмкіндігі жасалды

    Билеттерді енді теміржол кассаларында билет сатудың арнайы автоматтандырылған терминалынан сатып алуға болады.

    Бұл туралы "Ўзтемирйўлйўловчи" АҚ хабарлады.

    Белгіленгендей, билетті ресімдеу кезінде алдымен бағыт, вагон және орын таңдалады. Содан кейін жеке деректер енгізіліп, төлем карталары арқылы билетті сатып алу аяқталады.

    Қазірде бұл автоматтандырылған терминал Ташкент-Орталық теміржол вокзалында сынақ режимінде жұмыс істеуде. Жуық арада оны республиканың барлық басқа теміржол вокзалына орнату жоспарлануда.

    Сондай-ақ терминалдан жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы ақпарат алуға болады, — делінген хабарда.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates