Тарихқа назар аударсақ, Абдулҳамид Сулаймон ұлы Чулпонның туылған жылы түрлі дереккөздерде түрліше берілгеніне куә боламыз. 1987 жылы “Ёшлик” журналының 10-санында Чулпонның топтам өлеңдері “Әдеби мұра” рубрикасында жарияланады. Оған Озод Шарафиддиновтың мақаласы қосымша жасалады. Осы мақалада “Чулпон 1883 жылы Әндіжанда саудагер жанұясында туылған”, деген мәлімет беріледі.
1988 жылы “Кеше және күндіз” шығармасының “Шығыс жұлдызындағы” қайта баспаға жазылған кіріссөзінде Озод Шарафиддинов жаңа мәлімет береді: “Оның шығармашылығы Октябрь революциясынан алдын – 1913 жылда басталған еді. Ол бірінші шығармаларын жариялағанда 20 жасқа толған, жас болса да, пысық, мықты білімге ие болған бір жігіт еді”. Санасақ, бұдан енді 1893 жыл келіп шығады. Чулпонның 1991 жылда жарияланған “Яна олдим созимни” жинағына жазған кіріссөзінде ғалым: “Соңғы жылдарда пайда болған мақалаларда Чулпонның туылған жылы 1883, 1893, 1896, 1897, 1898 жылдар деп әр түрлі көрсетіледі”, деп жазады.
1988 жылы жарияланған “Баҳорни соғиндим” топтамында ғалым Иброҳим Ҳаққул кіріссөз жазады. Онда Чулпонның туылған жылы 1893 жылы деп айтылған. 1990 жылда жарияланған “Фидойилар” жинағында орын алған Э.Каримов мақаласында Чулпон 1897 жылы туылған деп жазылған. Әдебиеттанушы Наим Каримов 1991 жылы жариялаған “Чулпон” атты брошюрада “Чулпон В.Ян мен жасаған сұхбатында да, НКВД түрмеде арнайы анкеталарды толтырғанда да өзінің 1897 жылы туылғанын білдіреді, бұл соңғы дата тікелей Чулпонның өзінің айтқаны және жазып қалдырғаны біз үшін қадірлі мәлімет болып қалады”, деп айтылған.
Собир Мирвалиев мен Рихсия Шокирова дайындап, 2016 жылы жарияланған “Ўзбек адиблари” кітабында Чулпонның туылған күні 1898 жылы деп айтылған.
Қарасақ, түрлі дереккөздерде Чулпанның туылған датасы түрліше берілуде. Сондықтан Жазушылар аллеясындағы ескерткіш те жәдігерлікті тұрғызған шығармашылық тарапынан белгілі бір мерзім барысында ресми көрсетілген дата – “1893 жылы” деп жазылған.
Профессор Дилмурод Қуроновтың “Шарқ юлдузи” журналының 2018 жылы 10-санында жарияланған “Чулпонның туылған жылы” атты мақаласындағы факттерді бірлестіріп, қорытындылайтын болсақ, Чўлпонның 1897 жылы туылғаны туралы мәліметтер шындыққа жақын.
Өзбекстан Жазушылар ұйымы бұл мәселе бойынша ынтымақтастық ұйымдармен байланысып, “1893 жылы” датасын “1897 жыл” деп алмастыруды мақсатқа сай екенін білдірген еді. Бүгінде Өзбекстан Көркемөнер академиясының мамандары осы өзгерісті жүзеге асырғанын мәлімдейміз.
Өзбекстан Жазушылар Ұйымының ақпарат қызметі.