Бастаманың негізгі мақсаты — жолдар мен егіс
алқаптарын таза ұстау, сондай-ақ қоқысты белгіленген орынға тастау мәдениетін
қалыптастыру.
Министрлік азаматтарға сапар барысында пластик
ыдыстар мен басқа да қоқыстарды автокөлік салонында сақтап, қауіпсіз жерде
тоқтағаннан кейін оларды арнайы жәшіктерге тастауды ұсынады.
Сонымен қатар жүріп бара жатқан көліктен қоқыс
тастамау және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі атап
өтілді.
Фермерлер мен жергілікті әкімдіктерге қоқыс
жәшіктерін жолаушылар қауіпсіз пайдалана алатын орындарға орнату және оларды
тұрақты түрде босатып отыруды ұйымдастыру ұсынылды.
Бұл бастама арқылы ауыл аумақтарындағы санитарлық
және экологиялық мәдениетті арттыру, егіс алқаптарын қоқыстан қорғау көзделіп
отыр.