Ағаштарды суарудың заманауи жүйесі енгізіледі

    «Өзбекстан-2030» стратегиясын «Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономика»» жылында жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламасы туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы жөнінде ұсыныс енгізілген.

    Осыған орай, жаңбыр және сарқынды суларды тиімді пайдалануға және суды үнемдейтін технологияларға бағытталған заманауи суару жүйесі жолға қойылады. Жүйені 32 қаладағы 64 махаллада ұйымдастыру жоспарлануда.

    Іске асыру механизмі

    Жобаға сәйкес, жаңбыр және сарқынды суларды пайдаланудың техникалық және гигиеналық стандарттары әзірленеді. Тәжірибе ретінде 500 шаршы метрден асатын көпқабатты үйлерде, жаңадан салынған ғимараттарда және әлеметтік сала нысандарында жаңбыр суын жинау сынақтан өткізіледі. Атап айтқанда, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарда жаңбыр және сарқынды суларды жинау және оларды тиімді пайдалану жолға қойылады.

    Сонымен қатар, «Жасыл кеңістік» жобасы аясында өқрылып жатқан жасыл аумақтарда («Жасыл саябақ», «Жасыл қоғамдық саябақтары» және «Жасыл жамылғылар») және көп пәтерлі үйлерге тұтас аумақтарда егілген ағаштарды суаруда заманауи жүйе қолданылады.

    Артықшылықтары

    Қышқыл мен сілтінің бейтарап балансы бар, микроэлементтер мен оттегіге бай жаңбыр суы үйлердің шатырынан пластик ыдыстарға жиналады. Суды ұзақ сақтау үшін резервуарлар жер астына қойылады. Содан кейін сорғылармен тамшылатып суару жүйесі арқылы көшеттерді суаруға бағытталады. Әрбір үй жылына 20-40 тонна жаңбыр суын жинап, 30-дан 60-қа дейін ағашты сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі жаратылады.

    Халықаралық тәжірибе

    Бүгінде бірқатар шет мемлекеттерде жаңбыр суын тиімді пайдалану жолға қойылған. Атап айтқанда, Түркияда 2 мың шаршы метрден асатын көпқабатты үйлер мен жаңадан салынған ғимараттарда жаңбыр суын жинау тәртібі белгіленген. Германияның Франкфурт әуежайында жиналған жаңбыр суы әуежайдың абаттандырылған аумақтарының 60 пайызын суаруға және техникалық судың орнын өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңбыр суы Үндістанда суару мақсатында кеңінен қолданылады.

    Күтілетін нәтижелер

    Заманауи суару жүйесі еліміздегі «жасыл алқаптарды» айтарлықтай ұлғайтуға және оларды тұрақты сақтауға қызмет етеді.

    Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыстық салаларда пайдаланылатын кәріз сулар мен сарқынды суларды тазалап қайта пайдалануға енгізу шараларын қарастыру, өз кезегінде суды пайдалану тиімділігін арттырады.

    No date selected
    February 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    Use cursor keys to navigate calendar dates