Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының негізгі міндеттерібелгіленді

    «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Заң (УРҚ-1087-санды, 04.10.2025 ж.) қабылданды. Заң мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қатынастарды реттейді.

    Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы — Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерiн қаруландыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы тарапынан бекітілген әскери және екi түрлі мақсатқа арналған өнiмдердi сатып алуға арналған мемлекеттiк тапсырыс саналады.

    Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының негізгі міндеттері төмендегілерден құралған:

    елдің ұлттық мүдделерін, әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды, әскери саладағы ұлттық қауіпсіздікке деген қатер деңгейін, қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың сипатын ескере отырып, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, бекіту және орындау;

    тұтынушыларды әскери және екі түрлі мақсатқа арналған өнімдермен дер кезінде және кепілдікпен қаруландыру және қамтамасыз ету;

    мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарына бөлінген қаржы ресурстарының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

    Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жобасын Мемлекеттік комиссия қарайды және оның қаулысымен бекітеді.

    Мемлекеттiк комиссия бекiткен мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын Өзбекстан Республикасының келесi жылға арналған Мемлекеттiк бюджетi туралы заң жобасын әзiрлеу кезiнде ескерiледi.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates