Мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібі жетілдіріледі

    2024 жылғы 27 мартында Министрлер Кабинетінің ВМҚ-157-санды «Мемлекеттік білім беру стандарттары мен мемлекеттік білім беру талаптарын әзірлеу және енгізу тәртібін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулы қабылданды.

    Құжатпен Мемлекеттік білім беру стандарттары мен мемлекеттік білім беру талаптарын әзірлеу және енгізу тәртібі туралы ереже бекітілді, онда мыналар көзделеді:

    - мемлекеттік білім беру стандарттары мен мемлекеттік білім беру талаптарының мақсаты, міндеттері мен қағидалары;

    - мемлекеттік білім беру стандарттары және мемлекеттік білім беру талаптарын әзірлеу үшін қойылатын талаптар, сондай-ақ білім берудің стандартталған түрлері;

    - мемлекеттік білім беру стандарттары мен мемлекеттік білім беру талаптарын, біліктілік талаптары, үлгілік (тірек) оқу жоспары мен бағдарламалық жобаларын әзірлеу, бекіту және енгізу тәртібі.

    Мемлекеттік білім беру стандарттарын, мемлекеттік білім беру талаптарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде мыналар ескеріледі:

    - тиісті білім беру басқышы қорытындысында білім алушылар қалыптасуы қажет болған компетенцияларды мемлекет, қоғам және еңбек базары талаптарын ескере отырып, белгілеу;

    - Білім түрлерінің сабақтастығы мен тұтастығын қамтамасыз ету, мақсат-пен міндеттерді білім берудің нәтижелі болуына бағыттау;

    - оқушыларда қоршаған ортаны қорғау және баламалы энергия көздерінен тиімді пайдалану жауапкершілігін қалыптастыру.

    Білім беру нәтижелерінің халықаралық деңгейде тән алынуын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасындағы бар білім беру түрлері ЮНЕСКО-ның «Білім берудің халықаралық стандарт классификациясы» дәрежелерімен сәйкестендіріледі.

    2024 жылдың 1 авгусына дейін Білім беру саласында реформаларға көмектесу қорының қаржылары есебінен төмендегілерді көздейтін «dts.uz» - Мемлекеттік білім стандарттары мен мемлекеттік білім беру талаптарының бірыңғай ашық талқылау порталын іске қосу жоспарлануда.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 28 мартынан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates