Мемлекеттік сатып алу жүйесі жетілдіріледі

    Ел назарында 3 Iyul 2021 2875

    2021 жылы 2 июльде Өзбекстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік сатып алулардың жариялылығын қамтамасыз ету және нәтижелілігін арттыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-5171-санды қаулысы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, 2021 жыл 5 июлден тиісті (24 ) корпоративтік тапсырыс берушілер:

    - мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда сатып алу тәртібі- қағидаларын өткізу туралы жарнамалар және мемлекеттік сатып алу нәтижелерін өткізу туралы ақпаратты арнайы ақпарат порталы және БАҚ -қа орналастырылады;

    - тауардың (жұмыстың, қызметтің) құны Базалық есептеу көлемінің 25 мың есе көлемінен асқан жағдайда, сатып алуға қатысты техникалық тапсырмалар және тендер құжаттарын комплекс экспертизадан өткізу үшін Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігі құзырындағы “Жобалар және импорт келісімдерін комплекс экспертизалау орталығы” мемлекеттік унитарлық кәсіпорынға енгізіледі.

    Сондай-ақ, аталмыш корпоративтік тапсырыс берушілер үшін жеке ретінде Президент және Үкімет қаулыларына сәйкес белгіленген мемлекеттік сатып алу тікелей немесе тендер саудасын өткізбей жүзеге асырудың бар тәртіптері бекер етіледі.

    Қаулыға орай:

    - жеткізіп берушілердің алғашқы біліктілік байқауын өткізу бойынша кеңселік нормативтік -құқықты құжжаттар жасалады;

    - қойма және транспорттық логистиканы басқару жүйесіндегі үдерістерді автоматтандыру арқылы “E-ombor” тауар-материалдық ресурстар әрекеттерін есепке алу электронды жүйесі енгізіледі.

    Қаулыда сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алулар ашық және жариялылық түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша республикалық комиссия туралы жарғы бекітілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates