Қаулыға сәйкес, 5 түрдегі мемлекеттік қызметтері проактив түрде және 6 түрдегі мемлекеттік қызметтері композиттік түрде көрсету жолға қойылуда.
Бұнда:
Төмендегі мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету жолға қойылмақта:
электр энергиясын есепке алу қондырғыларын мерзімдік салыстырудан өткізу;
табиғи газды есепке алу қондырғыларын мерзімдік салыстырудан өткізу;
ауыз суды есепке алу қондырғыларын мерзімдік салыстырудан өткізу;
ыстық суды есепке алу қондырғысын мерзімдік салыстырудан өткізу;
жеке жұмыспен қамту агенттіктерін Жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің реестріне енгізу.
Проактивті мемлекеттік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінсіз өкілетті органдар бастамасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері.
Сондай-ақ, төмендегі мемлекеттік қызметтерді композиттік түрде көрсетіледі:
жылжымайтын мүлікке деген құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу және осы мекенжайға тұрақты жасайтын орынға тіркеуге қою;
жылжымайтын мүлiктi жалдау немесе тегін пайдалану келісімшарттарын мемлекеттiк салық қызметi органдарында тiркеуге қою және осы мекенжайға уақытша тұратын жайы бойынша тіркеуге қою;
мемлекет меншігіндегі ғимаратты немесе құрылысты бір жылдан кем болмаған мерзімге жалға беру және жылжымайтын мүлікке болған құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу;
“E-auksion” электрондық сауда платформасында жылжымайтын мүлік нысандарын сату және жылжымайтын мүлікке болған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу;
медициналық қызме үшін лицензиямен бірге рентген аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу;
қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн сиымдылықтың жарамдылығы туралы қорытындымен бірге ядролық және радиоактивті материалдарды, сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтар мен құрылғыларды тасымалдау шарттары мен әдістерінің санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы қорытынды алу.
Композит мемлекеттік қызметі – жеке және заңды тұлғалардың бір өтініші негізінде өкілетті органдар тарапынан көрсетілетін екі немесе одан да көп мемлекеттік қызметтердің кешені.
Бұдан басқа, төмендегі 2 түрдегі рұқсат беру ерекшеліктеріне ие мемлекеттік қызметтерді көрсетудің төлқұжаттары бекітілді:
арнайы әкелінетін биологиялық белсенді заттарды, жаңа химиялық заттарды, тағамдық қоспаларды, биологиялық құралдар мен материалдар полимерлі және пластикалық массаларды, парфюмериялық-косметикалық өнімдерді (БАД) әкелуге және өндіруге рұқсат;
мәдени құндылықтарды Өзбекстаннан әкету немесе уақытша алып шығу құқығын беретін сертификат алу.
Төмендегі 3 түрдегі қызмет түрлерінен хабардар ету көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету төлқұжаттары бекітілді:
кеден брокерінің қызметі;
халықаралық курьерлік жеткізу қызметі;
беймемлекеттік мұрағаттарды ұйымдастыру бойынша қызмет.
Осыған байланысты аталған беймемлекеттік мұрағаттардың қызметін ұйымдастырудың артықша тәртіптері жойылды.