Кездесуге «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Жәмил әл-Рамахи және «AMEA Power» компаниясының төрағасы Хусейн әл-Наваис қатысты.
Кездесу барысында Әмірліктермен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Жыл басынан бері өзара сауда көлемі 40 пайызға өсті. Ірі инвестициялық жобалар табысты жүзеге асырылуда.
Сұхбат соңында «жасыл» энергетика, заманауи инфрақұрылым, желілер мен өнеркәсіптік кооперация, туризм және қызмет көрсету салаларындағы жобаларды жеделдету әрі кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.