Диқаншылық үшін жер тұрғындарға 30 жылға жалға беріледі

    Агросектор 12 Sentabr 2022 7875

    «Диқан шаруашылықтарын ұйымдастыруды қолдап-қуаттау арқылы халықтың табысын арттыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-373-санды, 10.09.2022 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, фермерлер мен кластерлер пайдаланылатын мақта мен астықтан қысқартылған, елді мекендерге жақын әрі сумен қамтамасыз етілуі жақсы болған жерлерден 2022 жылдың соңына дейін қосымша 20 мың гектар — жалпы 100 мың гектар егістік жер және 2023 жылы 95 169 гектар егістік жер тұрғындарға ашық электронды байқау арқылы жалға беріледі.

    Бұл ретте егістік жер 30 жыл мерзімге:

    • сумен жақсы қамтамасыз етілген жерлерден - Әндіжан, Наманған және Ферғана облыстарында 0,15 гектардан 1 гектарға дейін, басқа облыстарда 0,30 гектардан 1 гектарға дейін және Қарақалпақстан Республикасында 0,30 гектардан 2 гектарға дейінгі көлемде;
    • суы аз жерлер – облыстарда 0,50 гектардан 1 гектарға дейін және Қарақалпақстан Республикасында 0,50 гектардан 2 гектарға дейін жалға беріледі.

    2022-2023 жылдары халыққа егістік жер телімін беру байқауында 1 өтініш беруші қатысса да, байқау өтті деп есептеледі.

    Жылыжай дамыған аудандарда диқан шаруаларға берілген егістік алқаптарында жылу жүйелерін орнатпай-ақ жеңіл құрылысты жылыжайлар салуға рұқсат етіледі.

    «Темір дәптерге», «Әйелдер дәптеріне» және «Жастар дәптеріне» енгізілген тұрғындарға диқан шаруашылығы үшін жер байқау арқылы жалға берілген кезде олар дәптерлерден шығарылмайды, оларға барлық жеңілдіктер мен преференциялар бір жылға сақталады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates