Париж қаласында өтіп жатқан пара жеңіл атлетика бойынша Әлем чемпионатының келесі күні еліміздің тағы бір өкілі жеңіс тұғырына көтерілді, деп жазады Жастар саясаты және спорт министрлігі.
Әйелдер арасында Ф35 класта ядро лақтыру бағдарламасында жерлесіміз Дилафруз Ахмадханова 8 метр 84 см нәтижемен қола медалінің жүлдегері атанды.