Бұршақ және майлы дақылдардың тұқымдары сертификатталады

    Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 15 апреліндегі 201-санды қаулысымен Экспортқа арналған және тұтыну мақсатында өндірілетін дән, бұршақ және майлы дақылдардың тұқымдарын сертификаттау тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Сертификат (Certificate for the export of sprouts or seeds intended for the production of sprouts for human consumption) тұтыну мақсатында өндірілген немесе өндіруге арналған тұқымдарды экспорттау үшін беріледі.

    Ерікті сертификаттау тәртібі Өзбекстанның кедендік аумағынан шетке шығаруға тыйым салынбаған тұқымдарға қолданылады.

    Тұқымдарды сертификаттау істері Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігі жүргізеді.

    Сондай-ақ, Ереже төмендегі тәртіптерді көздеген:

    - тұқымдарды өсіру, тазалау, залалсыздандыру тәртібі және оларды сертификаттау шарттары;

    - Агенттіктің автоматтандырылған жүйесі арқылы өтініш беру мен оны

    қарау тәртібі;

    - рәсімделген сертификаттар реестрін жүргізу тәртібі.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 15 апрельде күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates