Бүкіл әлем ғалымдары «твиндемианың» қаупі туралы ескертеді

    Денсаулық 18 Yanvar 2022 1269

    Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы тағы да артқа сүрілуі мүмкін. Бір жағынан, коронавирус пандемиясының жаңа толқыны өршіп тұр. Бірқатар елдерде күнделікті ауру рекордтық деңгейге жетіп отыр.

    Коронавирустың «омикрон» штамы, әсіресе Еуропа елдерін айтарлықтай «есеңгіретті». Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, құрлық халқын тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрғанын айтады. Бұл тұмау инфекциясы. Мәліметтерге қарағанда, осы ауруды деп әр жылы әлемде 650 мыңға жуық адам көз жұмады. Соған қарамай, өткен жылы Еуропада тұмау вирусы аз таралды.

    Өйткені алдыңғы күз-қыс маусымдарда аймақта пандемияға қарсы шектеулер қазіргіден әлдеқайда қатаң болған еді. Адамдар медициналық бетперделер тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке гигиена ережелерін сақтауда. Оның үстіне өзін-өзі оқшаулау талаптары күшейтілді.

    Алайда, коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу қарқыны арта бастағандықтан, карантиндік талаптар жеңілдетіліп, бірқатар шектеулер жойылды. Бұл тұмаудың халық арасында таралуына қолайлы жағдай туғызды.

    Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Еуропа орталығының (ECDC) мәліметінше, өткен жылдың декабрь айының ортасынан бері тұмау вирустары Еуропада күтілгеннен де жедел тарады.

    Осы орталықтың бас сарапшысы Паси Пенттиненнің пікірінше, аймақта тұрғындары жазға дейін созылуы мүмкін ерекше «тұрақты тұмау» маусымына тап болуы мүмкін.

    Франция денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде Париждің тұрғындары тұмау толқынына ұшыраған. Басқа аймақтар да осындай індеттің қарсаңында. Сондықтан ғалымдар қос пандемия немесе «твиндемианың» қаупі туралы ескертеді.

    «Егер жағдай нашарлайтын болса, биылғы жылы көп таралып жатқан тұмаудың басым штамы Н3 А вирусы көбірек егде жастағы адамдар арасында ең ауыр жағдайларды тудырады», - дейді мамандар.

    Осындай күрделі жағдайда “омикронға” қатысты алаңдаушылық әлі жойылған жоқ. Швецияның академиялық зертханасында үш науқаста осы штамның жаңа мутациясы анықталды.

    “Омикронның” бұл түрі BA.2 деп аталады. Ол қазір жаңа мутация Скандинавия елдерінде өте белсенді екенін атап өтті. Мысалы, BA.2 нұсқасы әлдеқашан Дания мен Норвегияда да анықталған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates