Қонақтарды қарсы алған Сардор Абдуллаев сындарлы диалогқа дайын екенін айтып, «Цифрлық Ташкент» жобасы және оның құрамдас бөліктері – геопортал, талдау және басқару, «Халықтық бақылау» жүйелері туралы айтып берді. Сондай-ақ ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «тұрғындарға қолайлылық индексінің» белсенді түрде дайындалып жатқанын айтты.
Бахром Мансуров жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, қонақтарды «Душанбехадамотнаклиёт» мемлекеттік мекемесі, «Smart city» МУК, «Сарфароз» және «Ватан ИКТ» компанияларының басшыларынан құралған жұмыс топпен таныстырды.
Қонақтар қазірде Тәжікстан астанасында заманалық Data және жағдайлар орталықтарын құру істері, қоғамдық транспорт саласында жолаушылар ағымын және жанармай шығынын бақылау, сондай-ақ қалада қатынайтын автобустар мен троллейбус бағыттарын GPS арқылы қадағалау мүмкіндігін қамтыған жаңғырту істері жүріп жатқанын айтты. Душанбедегі 50-мектепте біздегі Kundalik жүйе сияқты E-Donish жүйесі сынақ түрінде іске қосылғаны, ол кезең-кезеңмен қаланың барлық мектептеріне енгізілетіні айтылды.
Тәжікстандық өкілдер белсенді тәжірибе алмасуға, «Цифрлық Ташкент» пен Kundalik жүйелерін енгізу үдерісін, болуы мүмкін қиындықтар мен кемшіліктерді егжей-тегжейлі үйренуге қызығушылық танытты. Қонақтар 2021 жылдың июнь айындағы делегация сапары барысында құрылысы жүріп жатқан және қазір жұмыс істеп тұрған Жағдайлар орталығының жұмысымен толық танысып, оның мүмкіндіктері туралы мәліметтер алды. Олардың назарына Ташкенттің цифрлық картасы махаллалар, экономикалық аумақтары, т.б. бойынша көрсетілді.
Әкімдіктің Цифрлық даму департаментінің өкілдері қонақтарды қызықтырған сауалдарына жан-жақты жауап беріп, алдағы уақытта да барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.