Шараға «Узсаноатқурилишматериаллари» бірлестігінің басқарма төрағасы Бахтиёр Бобокулов, Өзбекстан елшілігінің дипломаттары, екі елдің кәсіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар сауда орнында жасалған жағдаймен, өнімдердің көрмесімен және бағаларымен танысты.
Сондай-ақ, шара барысында екі елдің бизнесмендері арасында B2B кездесулері өтті.
Өткен жылы Тәжікстанға 115 миллион доллардың құрылыс материалдары экспортталғаны атап өтілді. Олардың ішінде 34 миллион долларға металл бұйымдары, 13 миллион долларға құрғақ құрылыс қоспалары мен цемент өнімдері, 12 миллион долларға керамикалық бұйымдар, 23 миллион долларға құбырлар мен пластмасса бұйымдары, 11 миллион долларға ДСП мен МДФ тақталары, 7 миллион долларға шыны және шиша бұйымдары бар.
Тәжікстан Өзбекстанның құрылыс материалдарын экспорттаудағы үлесі жоғары елдер тізімінде екінші орынды иеленіп, еліміздің осы саладағы сенімді серіктестерінің бірі саналады. Сонымен қатар, "Made in Uzbekistan" деген белгімен құрылыс өнімдеріне деген сұраныс Тәжікстан базарында жылдан-жылға артып келеді.
Қазіргі уақытта Тәжікстанға газобетон блоктары, жылуды сақтайтын плиталар, табиғи тастар мен гүлқағаздар экспортын одан әрі арттыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін "Ўзсаноатқурилишматериаллари" бірлестігі Әзербайжан астанасы Баку мен Ауғанстан астанасы Кабул қалаларына қызмет көрсетіп келеді.